Егеуқұйрықты арақ өлтіреді
Егеуқұйрықты арақ өлтіреді
5,232
оқылды

Оған алдымен тамақ ұсынып, артынан араққа толы шелекке түсетін жолмен жүргізбекші.

Осындай тәсілге Нью-Йорк қаласындағы Бруклин ауданының президенті Эрик Адамс көшкен екен.

Оның айтуынша, Ekomille деп аталатын құрылғы егеуқұйрықтарға тамақ ұсынады. Одан кейін алкоголь толы шелекке түсетін жолмен жүргізеді. Әрбір шелек 80 егеуқұйрық сыятын көлемде. Усыз алкоголь өнімі егеуқұйрықтың естен тануына кепіл екен.

Енді шелек-шелек алкоголь өнімдері «көмекке келмек». Негізі Нью-Йорктің Бруклин көпірінде серуендегенде, метроға түскенде егеуқұйрықтардың өріп жүргенін көруге болады. Олардың естен кетпейтін себебі, әр егеуқұйрық мысық сияқты үлкен. Сондықтан да бұл күрес – ұзақ жылдар бойына жалғасып келеді.

Айта кетерлігі, 2017 жылы мэр Билл Де Блазио егеуқұйрықтардан қаланы тазарту үшін 32 миллион доллар тұратын жобаны іске қосқан болатын. Дегенмен, ол оларды түбегейлі жоя алмады.