Тайфун салдарынан 20 адам зардап шекті
Тайфун салдарынан 20 адам зардап шекті
240
оқылды

Жапонияда тайфун салдарынан 20 адам жарақат алып, 930 мың үй жарықсыз қалды

Токиоға жақын орналасқан Тиба әкімшілігінде жауын селдетіп, кемінде 20 адам зардап шекті.

 

Биылдыққа осымен 15-рет көтерілген «Факсай» тайфуны таң ата сағатына 25 шақырым жылдамдықпен Нарита қаласына жылжыды.

 

Ол жерде Токионың басты халықаралық әуежайы орналасқан. Дауылдың кесірінен бірнеше рейс кейінге шегерілді.

 

Жапонияның басты метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, тайфунның орталығындағы қысым 960 гектопаскальді көрсеткен.

 

 «Факсай» Жапонияның солтүстік-шығысынан Тынық мұхитына қарай бет алып барады.