Нұр-Сұлтанда жол апатынан бірнеше адам ауыр халде ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтанда жол апатынан бірнеше адам ауыр халде ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше, сағат 23.55-те орташа деңгейде мас болған 29 жастағы жүргізуші Lada көлігімен Момышұлы даңғылымен келе жатып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Соның салдарына қарсы беттегі Hyundai Sonata көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік апаты салдарынан Hyundai Sonata көлігінің 26 жастағы жүргізушісі және «Lada» көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр» делінген департаменттің хабарламасында.