«Көп нәрсе айтылмады» – Нұрәлі Әлиев Айсұлтан Назарбаевтың қазасы туралы айтты
«Көп нәрсе айтылмады» – Нұрәлі Әлиев Айсұлтан Назарбаевтың қазасы туралы айтты
Фото: Интернеттен алынды
352
оқылды
Нұрәлі Әлиев: «Менің қымбатты інім, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмады, көп нәрсе айтқым келеді... Сен менің жадымда мәңгі қаласың! Сені үнемі жақсы көремін!», – деп жазды.
Айта кетейік, бұған дейін Айсұлтан Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз. Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Айсұлтан Назарбаев Сандхерсттегі Британ корольдік әскери академиясын (2009-2010) және КИМЭП университетінің магистратурасын «бизнес-әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Бас барлау басқармасында қызмет еткен. Футболмен айналысқан, бірнеше қазақстандық және шетелдік клубта, соның ішінде «Портсмута» жасөспірімдер командасында өнер көрсеткен. ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдарымен және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған.