Семей әуежайына Абайдың есімі беріледі
Семей әуежайына Абайдың есімі беріледі
224
оқылды

Бұл ұсыныс бүгін Ақордада өткен Мемлекеттік комиссия отырысында айтылды.

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Мемкомиссияға Мемлекет басшысына үш бастамамен шығуды ұсынды. Олар: Семей қаласындағы әуежайға Абай есімін беру; Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп өзгерту; Қазақстанның елшіліктерінің базасында «Абай орталықтарын» құру.

Үкімет Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылдың 1 қазанына дейін енгізуі тиіс.

Еске салайық, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.