Әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойы қалай тойланады
Әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойы қалай тойланады
267
оқылды

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

– Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында аталған ұлы есімдер ішінде  әл-Фарабидің аты бірінші тұр. Оның мұрасы әлемдік өркениеттің игілігі болып табылады, – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы отырыстың ашылуында.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мерейтой аясында жоспарланған жобалары туралы баяндады. Мерейтой шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында онлайн журнал шығару арқылы фарабитанушылардың халықаралық орталығын құру жоспарлануда. «әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиумге дайындық басталды. Ұлы ұстаздың еңбектері аударылып, жарыққа шығарылады, деректі фильмдер мен телерадио бағдарламалар түсіріледі.

Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, ғылыми және мәдени ұйымдарында халқымыздың даңқты тұлғасының мұраларын насихаттауға бағытталған конференциялар, симпозиумдер және басқа да көптеген білім, мәдени акциялар өтеді.

 Еске салайық, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.