Өгей немересін 40 литрлік кастрюльдегі суда тұншықтырып өлтірген зейнеткерге үкім шықты – видео

Өгей немересін 40 литрлік кастрюльдегі суда тұншықтырып өлтірген зейнеткерге үкім шықты – видео

Қостанай облысында 65 жастағы зейнеткер 4 жастағы баланы әжесінен қызғанып, жантүршігерлік қылмыс жасады. Қайғылы оқиға Қарасу ауданында наурыздың 17-сінде болған. Сот залында тараған ақпаратқа сенсек, ол бірге тұрып жатқан әйелдің немересімен оңаша қалған сәтті пайдаланған. Маскүнем күдікті алдымен аямай ұрып, кейін 40 литрлік ыдыстың ішіндегі суға батырып өлтіріпті. Зейнеткер сотта кінәсін толық мойындады. Іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта онлайн режимде қаралып, бүгін үкім кесті.

Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Зәуре Едикова: «Сот үкімімен,ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Ол өмір бойы педогогикалық қызметтер атқару құқығынан және 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді», – дейді.