Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара берді деген күдікке ілікті. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөзі хабарлайды.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорының пара алуға қатысты күдікке ілігуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдарын бастады.
Агенттік ақпарына сәйкес, ол ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық танытуда мәселені оңынан шешу үшін бес мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.
«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының пара алуына қатысты жайт та тексерілуде.
Күдіктілерге қатысты шешімді сот шығарады.