Жолдауды жүзеге асыру үшін қанша қаражат бөлінеді
Жолдауды жүзеге асыру үшін қанша қаражат бөлінеді
209
оқылды

Премьер-министрдің орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смаилов Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан президентінің жолдауында міндеттелген тапсырмаларды жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттың ықтимал санын айтты.

«Шағын және микро кәсіпкерлікті кіріс кіргізу үшін салықтан босататын болғандықтан, алдағы жылы шамамен 200 млрд теңгедей қаражат жоғалтамыз. Аталған қаражатты салық және кеден әкімшілігінен өндіруді жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, тапсырмалардың бір бөлігі республикалық бюджет жобасында алдын-ала жоспарланған, ал қаражаттың басқа бөлігі бұл мәселе Мәжілісте қарастырылғаннан кейін енгізілетін болады.

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Смаилов мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын жүзеге асыру жоспарын таныстырды. Оның айтуынша президенттің жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың Жалпы ұлттық жоспары әзірленген, жоба 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұрады. ««Жеке адамға қарсы бірқатар ауыр қылмыстар - жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, браконьерлік, әкімшілік сот төрелігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар енгізу, азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін арттыру үшін 6 заң қабылдау жоспарлануда», - деді министр.