"Air Astana" "Самұрық-Қазынаның" қосымша қаражатына мұқтаж емес
"Air Astana" "Самұрық-Қазынаның" қосымша қаражатына мұқтаж емес
449
оқылды

«Эйр Астана» компаниясы «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қосымша қаражатына мұқтаж еместіктерін жеткізді. Себебі әуе паркін өз қаражаттарымен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Әуекомпаниясы өзінің акционерлеріне капиталды қайта қалпына келтіру туралы өтініш айтқан жоқ. Әуекомпания FlyArystan әуе паркін өз қаражаты есебінен мейлінше толықтыра отырып, өткізу қабілеті мен тарифтер мәселелерін шешеді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы 2002 жылы коммерциялық қағидаттарға сәйкес айқын іскерлік негізде құрылды. Бұл өзгеріссіз қалады», - деп хабарлады компания.

Жақында өткен министрлер кабинетінің отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен бірлесе отырып «Эйр Астана» және «Qazaq Air» әуе компанияларына ұшақтар санын көбейту мақсатында қосымша қаражат бөлетіндерін мәлімдеген еді. Оның пікірінше, бұл билеттердің бағасын түсіруге сеп болады.