Бірнеше аймақта бұршақ, жаңбыр жауады  

Бірнеше аймақта бұршақ, жаңбыр жауады  

Жаңбыр жауады, тек оңтүстік пен батыста ауа райы көбінесе жауын шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды ​​облысында түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, Ақмола облысында екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең Ақтөбе облысында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 16 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстіқ-батыста, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.