Жастарға баспананы қалай алуға болады?
Жастарға баспананы қалай алуға болады?
285
оқылды

29 жасқа дейінгі жастар ресми түрде Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкент қаласының тұрғыны болуы тиіс.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында кемінде мың жалдамалы пәтер салу шаралары қабылданған. Кейін бұл тапсырма кеңейтіліп, жастарға үш қалада үш мың пәтерге салу жөнінде тапсырма берілген екен.

– Ережеге сәйкес, бірінші кезекте 29 жасқа дейінгі жастар ресми түрде Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкент қаласының тұрғыны болуы тиіс. Сондай-ақ, жас адамның тұрақты жұмыс орны болуы қажет. Оған қоса, жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Себебі, біз жастарға өз тұрғын үйін сатып алу үшін бастапқы жарна жинауға мүмкіндік беруіміз керек, – деді ол.

Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатыны жайында Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды.