Дереккөздің жазуынша, Байденнің кандидатурасын АҚШ-тың бұрынғы президенттері Бил Клинтон мен Джимми Картер, сондай-ақ АҚШ-тың вице-мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл қолдады.
Джо Байден АҚШ президенттігіне кандидатурасын үшінші рет ұсынып отыр.
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Демократиялық партия кандидатурасын қолдап жүрген республикашыларды сынға алып, Байденді «солшыл партия қолындағы қуыршақ» деп атаған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, халық арасындағы сауалнамада Байден Трамп бір-бірімен итжығыс түсіп келеді. Анығығ Трамп соңғы апта қорытындылары бойынша басымдыққа ие.
Демократтар партиясының съезі сәрсенбі мен бейсенбі күндері жалғасады. Жиында АҚШ сенаторы Камала Харрис, Хиллари Клинтон және АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама сөз сөйлейді деп жоспарланған.