«Қордайдағы жағдай қайталанбаса деймін» – 25 жасар Станислав праймеризге түсу мақсатын айтты

«Қордайдағы жағдай қайталанбаса деймін» – 25 жасар Станислав праймеризге түсу мақсатын айтты

Праймериз – парасат пен пайымның өлшемі. Бүгінде бұл «Nur Otan» партиясының саяси науқанына беріліп жатқан әділ баға. Дәл қазір праймеризге қатысушылардың қарасы күн санап артуда. Олардың қатарында қарапайым халықтан бастап, Олимпиада чемпионына дейін бар. Жамбыл облысы да бұл бағыттағы жұмыстарда көш ілгері. Әсіресе өңірде праймеризге өтінім беріп жатқан өзге ұлт өкілдері аз емес. Соның бірі – Станислав Насыров. Cтаниславтың ұлты орыс. Алайда ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Жасы небәрі 25-те. Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің Қордай аудандық филиалының маманы. – Жыл басындағы Қордайдағы қақтығыс талайдың қабырғасын қайыстырғаны анық. Арандатушылар айрандай ұйып отырған ағайынның арасына сызат түсіргісі келді. Алайда ол олардың қолынан келмейді. Себебі біз біртұтас қазақстандықтармыз! Праймеризге құжат тапсыруымның да бір себебі – осы. Егер халық қалаулысы атанып жатсам, егеменді еліміздің бірлігі мен татулығын мәңгілік еткім келеді. Қордайдағыдай жағдай екінші рет қайталанбауын қамтамасыз етсем деймін. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблея сынды алып институтты құрып, ұлттар мен ұлыстар арасындағы ынтымақты сақтауға бар күшін салды. Енді осы бізге артылған сенімге селкеу түсірмей, біз біртұтастығымызды көрсетуіміз керек. Менің басты арманым мен мақсатым – осы, – дейді Станислав.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы