Президенттің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақының жаңа жүйесін түсіндірді.
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, былтыр 8 мың отбасы баспанамен қамтылған. Биыл кем дегенде осындай 11 мың отбасыға пәтер берілмек. Сондай-ақ вице-премьер 1 қаңтардан бастап 770 мың мұғалімнің және әлеумет, мәдениет, спорт, архив саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға ұлғайғанын айтты. Биыл зейнетақы, жәрдемақы көлемі де орта есеппен 7-20 пайызға көбейген. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көпбалалы әйелдер жаңа жылдан бастап күшіне енген атаулы АӘК-тің жаңа жүйесіне наразылық білдірген еді. Олар әрбір балаға төленген 21 мың теңгелік жәрдемақыны қайтаруды талап еткен. Ал жаңа жүйе бойынша әр балаға 10 500 теңгеден беріледі. Айта кетейік, 2020 жылғы республикалық бюджеттің жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады. Биыл шамамен бюджеттің 46 пайызы, яғни 6 трлн теңгеден астам ақша тұрмысы нашар халықты асырауға бөлінеді. Жоспар бойынша 2022 жылға таман бұл көрсеткіш 54 пайызға жетпек. Салыстыра қарасақ, социализм бағытын темірқазықтай ұстаным еткен Совет Одағының өзі ең бір дүркіреген шағында әлеуметтік салаға жалпы шығыстарының тек 30 пайызын арнаған екен. Айдар ДӘУІТҰЛЫ– 1 қаңтардан бастап 372 мың отбасына 17 миллиард теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Екінші атаулы әлеуметтік көмек те болжам бойынша ең кемі жүз мың отбасыға беріледі. Бұл жердегі ерекшелік мынау: егер жұмысқа қабілетті азаматтар ұсынылған жұмысты істемейтін болса, онда атаулы әлеуметтік көмектен қағылады. Қосымша аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет осы айдан бастап беріле бастайды. Бұл көмекпен ең кем дегенде 200-ге жуық отбасы немесе 600 мың бала қамтылады, – деді вице-премьер.