2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін, салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын заң күшіне енген еді. Осы заңға сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанға дейінгі салықтық қарызды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда, өсімпұлдар мен айыппұлдары шегеріледі.
Алайда салықтық рақымшылық мониторингке жататын ірі салық төлеушілеріне, жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін өнім өндірушілер мен жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғалар келесі санаттағы салық төлеушілерге қолданылмайды.
Осылайша, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіндігі жоқ, қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушіге, қарыздардан құтылып, кәсіби жұмыстарын заң аясында жүргізуге толық мүмкіндік береді. Негізгі қарыз төленген жағдайда шағын және орта бизнес субъектілері мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеттілігі жоқ, өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады.
Жалпы 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі 392 млн тг құрайтын негізгі қарызын төлеген 2 339 салық төлеушілердің 48 млн тг өсімпұлмен 428 мың тг айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі шешімдері шығарылып, өсімпұл мен айыппұл сомалары шегерілді.
Сонымен қатар оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.
Одан бөлек, салық рақымшылығын пайдалануға мүмкіндігі бар субъектілердің шеңберін кеңейту мақсатында, ҚР ҚМ МКК-мен ағымдағы жылдың 29 тамызындағы «Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізілді. Ол бойынша 2018 жылдың қазанына дейінгі салықтық тексерулер бойынша есептелген сомалары шағымдануда болғанына байланысты, негізгі қарызы болмаған, дәл осы уақытқа дейінгі салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламаның орындау мерзімі келмегеніне байланысты, негізігі қарызы болмаған, өткен жылдарға қосымша салық есептіліктерін тапсыру есебінен 2018 жылдың 1-ші қазанынан кейін негізгі бересі пайда болған салық төлеушілердің қолдануға мүмкіндігі бар.
Салықтық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақ бойынша Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-51-87 телефоны арқылы және салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.
Б.БАЙБӨЛЕКОВ,
Шымкент қаласы бойынша МКД
Берешекпен жұмыс басқармасы