Коронавирусқа шалдыққан 350 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирусқа шалдыққан 350 науқастың жағдайы ауыр

Қазақстанда 16 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 бала бар. Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 350 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 100 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған» делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми хабарламада.