"Википедия" қауіпсіздікті күшейтпек
"Википедия" қауіпсіздікті күшейтпек
334
оқылды

«Википидеяға» хакерлік шабуыл жасалған бірнеше күннен кейін интернет-энциклопедия басшылығы қауіпсіздік бойынша ірі іс-шараларды қолға алды.

Медиа-кәсіпкер Крейг Ньюмарктың қоры қауіпсіздікті күшейту үшін «Википедияға» 2,5 миллион доллар қаражат бөлді. Бұл туралы Wikimedia Foundation коммерциялық ұйымы хабарлап, мұндағы басты мақсаттың бірі қолданушылардың ақпаратын қорғау екенін алға тартты.

Ньюмарк 1999 жылы "Крейгслист" (Craigslist) атты электронды хабарландыру тарататын сайт ашып, байыған еді. Сондай-ақ танымал меценат. Бұрын да «Википедия» жобалары үшін 2 миллион доллар қаражат бөлген.

Атап өтерлігі, өткен аптада белгісіз хакерлер «Википедияның» жұмысына кедергі келтіріп, оны тоқтатып тастады. Хакерлік шабуылдың салдары бірнеше сағатқа жалғасты.