Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қытайда жүр.
Мемлекет басшысы бірқатар кездесуге қатысып үлгерген. Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің ақпарынша, бар жоспарланған кездесуде Тоқаев қазақ тілінде мәлімдеме жасайды.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.
Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады», - деп жазды Уәли өзінің Facebook парақшасында.