Бүгінгі Мәжілісте өткен отырыста премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Бақытбек Смағұл елордадағы бір көшеге Жошы ханның есімін беруді ұсынды.
«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында атап өткендей, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Нұр-Сұлтандағы көшелердің біріне Жошы ханның есімін беріп, Ұлы ұлыстың ханына арнап ескерткіш орнатуды ұсынамын», - деді Смағұл.
Оның сөзінше, бұл «біздің» мемлекеттілігімізді өз азаматтарына ғана емес, елордаға табан тіреген әр азаматқа көрсетеді.
«Меніңше бұл біздің ұлттық рухымызды асқақтатып, мемлекеттілігімізді тек ел азаматтарына ғана емес, елордаға келген әр қонаққа танытады», - деп сөзін түйіндеді депутат.