Биылғы жарты жыл ішінде Италиядан импорттың көлемі 2018 жылғы көрсеткіштен 62,6%-ға өскен. Бұл тұрғыда Қазақстанның Италияға экспорты импортқа қарағанда 5 есе жоғары,– деп хабарлайды LS.
2019 жылдың алты айында Қазақстан мен Италия арасындағы сауда айналымы 5 млрд долларға жеткен. Оның 4,2, млрд доллары экспорттан (2018 жылғы көрсеткіштен 22,4% аз) түсіп отыр.
Экспорттың үлкен бөлігін шикі мұнай құрайды. Сондай-ақ, Қазақстан аталған еуропалық мемлекетке алюминий, ферроқорытпа, бидай және өзге де мұнай өнімдерін сатады.
Ал Италиядан импорттайтын тауарға келсек, оның көлемі экспорттан бес есе аз (771,2 млн доллар) екені байқалады.
Импорттық жеткізілімге электрогенераторлардың қосалқы бөлшектері, өндірістік жабдықтар, металдан және пластмассы мен ағаштан жасалған бұйымдар жатады.
Сонымен қатар, киім, аяқкиім, дәрі-дәрмек және шараптың түрлерін сатып алып отырмыз.