Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияның жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндалды.
Сонымен қатар, Елбасына Jas Otan жастар қанатын жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді.
Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет етуі және ел аймақтарындағы азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы баяндады.
Кездесу соңында партия төрағасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.