Ресей азаматы Түркістан облысында 5000 түп қарасора өсірген
Ресей азаматы Түркістан облысында 5000 түп қарасора өсірген
361
оқылды
Ол сыбайласымен бірге көптің көзіне көрінбейтін өзен жағасына қарасора отырғызып, күтіп баптаған. Облыстық полиция қызметкерлері, бес мың түп есірткі шөбін анықтады. Айдаладан плантация ашқан екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Нұрым Ағманов: «Қосымша жедел іздестіру іс-шаралары барысында қарасораны егіп, өсіруге көмек көрсеткен, жағдай жасаған негізгі тұлға анықталып, оған қатысты қамауға алу, бұлтартпау шарасы қабылданды», – деді.
Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері мұнда қарасора өсірген 70-ке тарта дерек анықталған. Олардан, 170 келіден астам тыйым салынған өсімдік түрлері тәркіленді.