Қазақстан бензин сатып 1 млрд теңге пайда тапты
Қазақстан бензин сатып 1 млрд теңге пайда тапты
332
оқылды

Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында еліміз сыртқа 6,3 мың тонна бензин экспорттаған. Сұйық отынның осы түрінен түскен табыс 1 млрд теңге.

Ал, дизель отыны экспортынан түскен пайда бензиннен бес есе көп, шамамен 5,5 млрд теңге. Қазақстандық дизельдің негізгі тұтынушысы – Ресей. Көршіміз 2,5 млрд теңгеге 13,1 мың тонна сатып алған. Сонымен қатар, жанар-жағармайдың дәл осы түрі ТМД елдерінен бөлек, Аргентина мен Сенегал мемлекеттеріне де саудаланған.

Бұдан бөлек, биылғы қаңтар-шілде аралығында сыртқы нарыққа 1,9 млн тонна мазут (255,4 млрд теңге), 15 млрд текше метр табиғи газ (578,8 млрд теңге) сатылған.