Қаскелеңде пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болды

Қаскелеңде пәтер өртеніп, бір адам қайтыс болды

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 тамызда пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 17.45-те келіп түскен. Алғашқы өрт сөндіру тобы 10 минуттан кейін жеткен.

«Пәтер иесі шұғыл Қаскелең аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ есін жимастан қайтыс болды. Өрттің себебі тексеріліп жатыр», – деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.
Өрт толықтай сағат 18.27-де сөндірілді. 20 адамды эвакуацияланып, төрт адам құтқарылды. 50 тұрғын пәтерлерінен өз бетінше шықты.