Солтүстікқазақстандық шекарашылардың иті көліктен күдікті орама тапты
Солтүстікқазақстандық шекарашылардың иті көліктен күдікті орама тапты
© Сурет ғаламтордан
465
оқылды
2020 жылдың 24 қаңтарында сағат 15.40-та Қазақстан-Ресей шекарасын "Қарақоға" автомобиль өткізу пункті арқылы Көкшетау қаласынан Ресей Федерациясының Омбы қаласына бара жатқан шетел көлігі тоқтатылды. Қызметтік итті пайдаланып тексеру кезінде сержант Дыбец полиэтилен пакетінің орамасын тапты. Ол "Тойота Королла"автокөлігіндегі жүргізуші орындығының астына пластикалық контейнерге салынған. Ішіндегі зат марихуанаға ұқсайды, оны сараптамаға алып кетті.