Елес кезген қонақүйлер (фото)
Елес кезген қонақүйлер (фото)
371
оқылды

Өмірде елестің бар-жоғына бірі сенсе, бірі сенбейді. Бірақ елес бар жерлерге баруға көбінің жүрегі дауаламайды. Дегенмен сондай жерлерді көруге ынтық жандар жоқ емес. Сол үшін де сол жерге барып, түнеп қайтатындар да бар.


Мәселен, Hollywood Roosevelt қонақүйінде Мэрилин Монроның елесі кезіп жүреді екен. Бұл жайында қонақ үйдің қызметкерлері жасырмайды да. Тіпті қонақүйдің қонақтары дәлізде ақ шашты, Мэрилинға ұқсайтын көрікті келіншекті көруге болатынын айтуда. Бұл қонақ үй Голливудтағы Лос-Анджелес қаласының ең әдемі ауданында орналасқан.




Канададағы Fairmont Banff Springs Hotel қонақүйіне қарасаң көз тоймайды. Осы зәулім ғимарат ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне кіреді. Өзі Banff ұлттық саябағында орналасқан. Әрине, бұл қонақүйдің архитектурасы туристерді баурап алады. Алайда кез келген адамның бұл жерге қонуға батылы жетпес.

 

Қонақүйдің №873 бөлмесі туристердің зәре-құтын қалдырмайды. Бұл бөлмеде кішкентай сәбилердің саусақ іздері пайда болады екен. Әрі бұл қонақүйдегі жалғыз елес емес екен. Сонымен бірге Сэм есімді швейцардың елесі мекендейді. Оған қоса, кезінде осы жерде өртеніп кеткен қалыңдықтың, жол апатынан қаза тапқан қызыл киімді әйелдің рухы адамдарды қорқытып, кезіп жүреді.




Сан-Диегода Hotel del Coronado атты қонақүй бар. Калифорниялық қонақүй 1887 жылы салынған. Мұның елес жайында өзіндік тарихы бар. Жас қыздың жұмбақ өлімі.

 

1892 жылы бұл қонақүйге Кейт Морган есімді қыз келіп тоқтаған. Әдеміше келген келіншек тұрмыста екен. Аяғы ауыр бола тұра күйеуінен кетіп қалған. Міне, сол келіншектің мәйіті бірнеше күннен кейін қонақүйдің табалдырыған табылған.

 

Әрине, бұл оқиғаны өзіне-өзі қол салған деп қарады. Алайда уақыт өте келе тергеушілер Кейтті өлтіріп кеткен деген шешім шығарды. Арада біраз уақыт өткен соң, қонақүйде сол келіншектің елесі пайда бола бастаған. Әсіресе, оны 302 бөлмеде кездестіруге болады.



Ал Тайваньдағы Тайбэй қонақүйі елдегі ең мық­тылардың қатарында. Алайда оған қонуға келген қонақ түні бойы ұйықтамай, мазасызданып шығады. Өйткені қонақүйдегі елес келушілерге маза бермейді. 

Сөйтсе, құпияның сыры мынада екен. Тайбэй отелі бұрынғы түрменің орнына салынған екен. Мұнда екінші дүниежүзілік соғыстың тұсында көптеген тұтқындар өл­ген. Аруақ кезген қонақүйден түн­де адамдардың күлкісі мен дауысы, аяқ ды­бысы мен есікті қақ­қан сәті жиі ес­ті­ліп, қай­­таланып тұратын болған.

 Тіпті бөлмедегі заттар бір орыннан екін­­­ші орынға ауысып кете берген. Мекеме бас­­шы­лары фэн-шуй ма­мандарын шақы­рып, елеспен қанша кү­­рессе де, оларды жоя алма­ған. Қазақта «аруақ­ты мазала­мау керек» деген сөз бар. Де­мек, бұдан шы­ғатын тұжы­рым: өлілердің үстіне тұрғы­зыл­ған үйде еш­қашан тыныштық болмайды.