Ауыл шаруашылығын дамыту уақыт күттірмейді
Ауыл шаруашылығын дамыту уақыт күттірмейді
459
оқылды
Еліміздің көшбасшы партиясы праймериз арқылы жаңа есімдерді әйгілеп, жігерлі, жалынды жастардың армандарының орындалуына жол ашып отыр. Атыраулық кәсіпкер Еркебұлан Мұсаұлы да туған жерінің мәселесін шешуге атсалысуды мақсат тұтып отырған жас кәсіпкер. «Nur Otan» партиясының ішкі сайлауында депутаттыққа үміткер ретінде праймеризге катысып отырған Еркебұлан Кенжеғалиевтің мақсаты үлкен додада бақ сынап, елге адал қызмет ету. – Праймериз – мемлекеттің келешегі үшін еңбек етуді қалайтын жандарға даңғыл жол. Мен де осы мүмкіндікті пайдаланып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты жаңаша көзқарасымды іс жүзінде жүзеге асырғым келеді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті проблеманың бірі – жастарды бұл салада еңбек етуге ынталандыру. Мал шаруашылығын дамытуда заманауи тәсілдерді игеруді жолға қою қажет. Ауыл шаруашылығын дамытуда аймақтың климатын ескеру шарт. Экологиясы қауіпті Атырауда жасыл желекті көгалдандыру маңызды, табиғатты аялау арқылы жастарға үлгі көрсету бізге парыз, – дейді Еркебұлан Кенжеғалиев.