Цифрлы технологияларға қадам – жемқорлықтың ықтималдығын азайтады
Цифрлы технологияларға қадам – жемқорлықтың ықтималдығын азайтады
372
оқылды

Бүгін Nur Otan партиясының Орталық аппаратында жаңартылған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтіп, оған қазақстандық партиялардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық белсенділер мен журналистер қатысты.

Отырыс барысында Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің жұмысын күшейтуді тапсырғанын хабарлады. Ол үшін жұмыстың форматы мен тәсілін жақсартып, жаңа мамандарды тарту қажет. Халықпен дәнекерші болатын байланысты қалыптастырып, әлеуметтік желілердегі тұрғындардың сұрақтарына дер кезінде жауап берген ләзім. Бүкіл еліміз бойынша қоғамдық қабылдаулардың халықпен өзара әрекетіне ерекше назар аударған абзал.

– Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның 2050-ші жылғы дамуына дейінгі Стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізудің арқасында ғана мүмкін болмақ. Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұдырықтай жұмыла білуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды Бағдарламасындағы негізгі басымдықтарының бірі ретінде мемлекет пен қоғамның дамуына зор кедергі келтіріп отырған жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті белгіледі. Nur Otan партиясы қарапайым азаматтардың проблемаларын шешуді ұйымдастыратын, өзекті және өткір мәселелер талқыланып жататын алаң болуы тиіс. Жыл басынан бері ғана 143 мың адам біздің қоғамдық қабылдаудың көмегіне жүгінді. Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша дербес «жедел желіні» құру мәселесін қарастырған ләзім. Егер бізге шағымдар түсіп жатса, бізде оған жауап қайтаратын айқын бағдаржол болуы керек. Шағым берген әр адаммен жеке кездесіп, мәселені егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Бұл жұмысқа өкілетті меморгандарды, біздің депутаттарымызды, азаматтық қоғамның белсенді азаматтарының бәрін тартыңыздар, – деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, қоғамдастықтың кеңінен талқылауының арқасында 2014 жылы партияның 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Nur Otan партиясының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақпаратқа қолжетімділік, қоғамдық кеңестер туралы және т.б. заңдар қабылданды. Бүгінгі таңда мемқызметтің 80% автоматтандырылды, бүкіл еліміз бойынша ХҚКО жұмыс істейді, цифрлы технологиялар енгізілуде. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары осының бәрінің де сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы Омархан Өксікбаев кеңестің қызметі мен оның тиімділігін пысықтауға байланысты нақты іс-шаралардың қабылданатынын айтты. Олардың ішінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарындағы жемқорлықтың ықтималдығын талдау өзектілігі, барлық деңгейде оларды азайту бойынша іс-шараларды қабылдауға ықпал ету бар.

Талқылау барысында кеңес төрағасының орынбасары Оралбай Әбдікәрімов партияға қаратып, жемқорлық мәселесі анықталған кезден бастап оған жауап беріп, кез-келген құқық бұзушылық жемқорлығына байланысты мәселені талқылауды ұсынды. Бауыржан Байбек аталған ұсынысқа қолдау танытып, бұл мәселеде бірінші кезекте кінәсіздік презумпциясы қағидатына арқа сүйеу керек екеніне тоқталды.

– Қазақстан халқына арнаған өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кінәсіздік презумпциясы қағидатының толық көлемде сақталуы керек екенін атап өтті, яғни, адамның кінәсі дәлелденбейінше оны айыптауға болмайды. Тұтастай алғанда біздің мақсатымыз, ол туралы партия Доктринасында да айтылған, заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Біз адамдарға түсіндіріп, өздерінің заңды мүдделерін қалай қорғай білуі керек екеніне көмектесіп, оны шешудің жолдарын көрсетуіміз керек. Партия қатарында бар-жоғы 6% мемқызметкер ғана бар. Партияның басым бөлігін – білім беру, денсаулық сақтау, бизнес, ҮЕҰ өкілдері құрайды. Олардың бәрі де бізден нақты істерді күтіп отыр, – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары сондай-ақ, «тұрмыстық» жемқорлық ықтималдығы жоғары барлық салаларды – денсаулық сақтау, жер қатынастары, құрылыс, миграция, шетел жұмысшыларына квота беру және т.б. кеңірек қамту керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу, ақпараттандыру арқылы мөлдірлікке, ашықтыққа қол жеткізу қажет.

– Шетелдіктердің қатысуымен болса да жаңа өндірістерді ашу – еліміз үшін игілік, экономиканы дамытудың басты шарты. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер шетелдік инвестия үшін күресіп жатыр. Тек қана бірлескен Қытай жобаларының аясында 20 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Осы жұмыс орындарының 95% қазақстандықтарға тиесілі болады. Шетелдіктердің қатысуымен жаңа өндірістерді құру кезінде өкілетті органдар Nur Otan партиясымен бірге миграциялық және еңбек заңнамасының бұзылмауын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Осының бәрі де қазақстандық жұмысшылардың жаңа кәсіпорындарда жұмыс істеп, лайықты жалақы алуы үшін істеліп жатыр, – деп түйіндеді Бауыржан Байбек.