Бір бума ақшаны терезеден лақтырып жіберген шенеунік ұсталды
Бір бума ақшаны терезеден лақтырып жіберген шенеунік ұсталды
269
оқылды
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, басқарма басшысымен бірге оның орынбасары да тергеуге алынды. Олар алдын ала сөз байласып, мердігерлік ұйым директорынан іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 миллион 600 мың теңге көлемінде пара алды күдік бар. "Лауазымды тұлғалар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған мән-жайлар тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - дейді тергеушілер.Сондай-ақ, агенттік өкілдері Ақтөбе облыстық басқарманың бұрынғы басшысы тергеуге алынғанын хабарлады.   https://youtu.be/67MeYFNudng   Ресми мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. "Ол "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауданында мектеп құрылысына бөлінген мердігер ұйым басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы 60 миллион теңге жымқырғаны үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер. Ал Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында қазынашылық басқармасының басшысы күдікке ілінді. Тергеу материалдарына сәйкес,  шенеунік мемлекеттік мекеменің үй-жайын ағымдағы жөндеу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауға көмек көрсеткені үшін құрылыс компаниясының өкілінен 400 мың теңге сомасында пара алды деген күдік бар.   https://youtu.be/kuIBWnQQdlg