Шетелде оқитын қазақстандық студенттерге қойылатын талаптар жарияланды
Шетелде оқитын қазақстандық студенттерге қойылатын талаптар жарияланды
284
оқылды
Сыртық істер министрлігі шетелде оқитын қазақстандық студенттерге қойылатын талаптар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпарат бойынша, ҚР СІМ Жедел штабы жұмысын бастағаннан бері қазақстандық студенттердің шетелде оқуын жалғастыру мәселелері бойынша студенттер мен олардың ата-аналарынан көптеген қоңырау мен өтініштер келіп түскен. Жедел штаб қызметкерлері бұл өтініштерді барынша жедел қарастырып, оларды одан әрі өңдеу үшін ақпарат пен сұрау салуларды жинады, содан кейін өтініш берушілерге жауабын берген. "Біздің шетелдегі дипломаттарымыз келіп түскен ақпарат негізінде өздері орналасқан елдерде әрбір университет және жергілікті білім министрліктерімен байланыс орнатты. Біз шетелдік оқу орындарымен ұсынылған оқу форматын, елге кіру-шығу ережелерін және шетелдік студенттерді оқытуға қатысты басқа да мәселелерді анықтап жатырмыз. Осыған байланысты Штаб шетелдегі біздің студенттер үшін шетелдік оқу орындарының талаптары бойынша арнайы ақпараттық кесте әзірледі", - делінген хабарламада. Онлайн режимінде жаңартылатын осы кестемен мына сілтеме арқылы танысуға болады. "Өзара тиімді ықпалдасу үшін біз келесі іс-қимыл алгоритмін белгіледік: өтініш беру - ақпарат жинау - шетелдік оқу орындарымен/білім министрліктерімен байланыс орнату - шет мемлекеттердің елшіліктерімен байланыс хабарласу - өтініш иесіне жауап беру", - деп хабарлады СІМ өкілдері. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда студенттер мен олардың ата-аналарынан ҚР СІМ Штабына келесі жедел желілер арқылы хабарласа алады: +7 (7172) 72-00-46, 72-00-47, 72-05-49, электрондық пошта - covid19@mfa.kz. Сондай-ақ, студенттеріміз өз сұрақтарын қарау үшін төмендегі сілтеме бойынша онлайн өтінім бере алады - https://rb.gy/etjeox.