Әлемде 800 мың адам коронавирустан көз жұмған
Әлемде 800 мың адам коронавирустан көз жұмған
фото: ашық дереккөз
193
оқылды
SARS-CoV-2 коронавирус індеті тудыратын COVID-19 өкпе ауруы індеті бүкіл әлемде 800 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Мұндай дерек Американың Джонс Хопкинс университеті 22 тамыз, сенбі күні жариялаған мәліметтерде келтірілген. Аталған аурумен қайтыс болған пациенттердің 25 пайызға жуығы Құрама Штаттарының тұрғындары, деп хабарлайды dw.com порталы. Университет сарапшыларының бағалауынша, Жер шары тұрғындары арасында індет жұқтырғандардың саны 23 миллионнан асып отыр. Коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі АҚШ (5,63 млн), Бразилия (3,53 млн) және Үндістанда (2,97) тіркелген. Ауру жұқтырғандар саны соңғы уақытта Батыс Еуропа елдерінде де артып барады. Мәселен, Германияда өткен тәулікте 2 034 адамнан вирус табылды. Бұл сәуір айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Францияда да екінші күн қатарынан індет жұқтырғандардың саны 4 мың науқастан асып жығылған. Мұндай жоғары көрсеткіш бұл елде мамыр айынан бері тіркелмеген еді. Италияда да өткен тәулікте 1 071 жағдай тіркелді. Мамыр айының ортасында қатаң карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін бұл елде алғаш рет 1 мыңнан асатын жағдай орын алып отыр.