Оппозиционер жатқан аурухананы полицейлер күндіз-түні кезекпен күзетіп жатыр
Оппозиционер жатқан аурухананы полицейлер күндіз-түні кезекпен күзетіп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
361
оқылды
Неміс полициясы Берлиндегі «Шарите»  ауруханасын күндіз-түні кезекпен күзетіп жатыр. Уланып қалған ресейлік оппозиционер Алексей Навальный осы ауруханаға жеткізілген болатын. Белгілі болғандай, полицейлер осы ауруханада Алексей Навальный жатқандықтан, оның қауіпсіздігі үшін осылай істеп отыр. Агенттіктің мәліметі бойынша, «Шарите» маңында полицейлердің екі микроавтобусы бар. Тағы біреуі  ауру қабылдайтын бөлме жақта тұр. Құқық  қорғаушылардың біразы аурухана маңын күзетіп тұрса, келесі топ аурухананың кіреберісін күзетіп жатыр. [caption id="attachment_66977" align="alignnone" width="975"] width= Фото: Ratel.kz[/caption] 22 тамыз күні күндізгі уақытта оппозиционерді берлиндік ауруханаға жеткізген болатын. Ratel.kz-тің жазуынша, аурухана ғимаратына бірнеше жедел жәрдем автомобилі мен өрт сөндіру қызметі де келген. [caption id="attachment_66976" align="alignnone" width="960"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Еске салсақ, ресейлік оппозиционер Алексей Навальный уланып, осы оқиға қоғамда біраз шу тудырған болатын. Навальныйдің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш саясаткердің әуежай кафесінде шай ішкенін, улы нәрсе кесенің ішінде болғанын хабарлаған еді. Мамандар саясаткерге белгісіз психодислептик немесе нат­рийдің оксибутиратын шайға қосып берген шығар деп күмән­данады. Осыдан кейін саясаткердің жағдайы ауырлап, жа­­­сан­ды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Ал қазір дәрігерлер  пациенттің жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр.