Полиция 40 адамның атынан кредит алған алаяқты анықтады
Полиция 40 адамның атынан кредит алған алаяқты анықтады
Фото: Интернеттен алынды
245
оқылды
Үш күнде елордалық полицейлер интернетте 50-ге жуық қылмыстық құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде интернет арқылы 29 алаяқтық және 7 ұрлық дерегі бар. Сондай-ақ 14 киберқылмыскердің ұсталғаны хабарланды.
«40 жастағы ер адам ұсталды, оның 40 адамның атынан онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтық жасағаны анықталды. Ер адам мәліметтерді заңсыз жинау арқылы Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін алып, ақпараттық технологиялардың көмегімен несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген полицияның ресми хабарламасында.