Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды», – деп жазды.
Cонымен қатар Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында Бюро мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды.
Сондай-ақ, өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиістігі айтылды.