Партияішілік іріктеу жаңа қоғамдық пікір иелерін бәсекелестік негізде анықтауға мүмкіндік берді
Партияішілік іріктеу жаңа қоғамдық пікір иелерін бәсекелестік негізде анықтауға мүмкіндік берді
396
оқылды
«Nur Otan» партияcы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет ҚР Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі, ашық, әділ және айқын негізде партияның мықты көшбасшыларын анықтау мақсатында республикалық көлемде праймериз өткізуде. «Nur Otan» партияcы праймериз өткізуге үлкен дайындықпен келіп отыр. Себебі праймериз Елбасы бастамасымен партия жұмысын қайта жандандыру мақсатында 2019 жылы қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі. Бағдарлама аясында партияның ядролық электораты болып табылатын бастауыш ұйымдар мен партия жанындағы түрлі бағыттағы комиссиялар мен кеңестердің жұмыстары жетілдірілді. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы біздің өңірімізде партиялық резервке үміткерлер арасында бұл әдіс алғаш рет Сырдария ауданында пилоттық режимде өткізілді. Бұл іріктеу жұмыстары бізге нақты ұсыныстары бар талантты азаматтар мен өңірдің өзекті мәселелерімен таныс жаңа қоғамдық пікір иелерін бәсекелестік негізде анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге  партия мүшелері арасында қызығушылықпен қатар бәсекелестік туғызды. Аталған жобаға Сырдария ауданы бойынша 47 үміткер қатысты және оның өту барысы туралы аймақтағы барлық партия мүшелері мен белсенділері толық ақпарат алды деп есептейміз. Себебі жоба былтыр пилотты түрде өткенімен барлық үміткерлер бір бірімен өзара ашық пікірталсқа түсіп, өздерінің бағдарламасы арқылы тұрғылықты жері, онан бөлек өңірдегі күрделенген мәселелермен нақты таныс, әрі олардың шешілу жолдарын ұсынып партияластар алдында үлкен сенімге ие болды. Биылғы дүбірлі додаға олардың жартысанан көбі  бақ сынауға құжат тапсырып жатыр. Осы жерде атап өту керек, бұл праймеризге тек партия мүшелері ғана емес, партия қатарына қосылып, еліміздің дамуына үлесімді қосамын деген барша сырбойылық  азаматтар үшін жаңа мүмкіндік туып отыр. Праймериз арнайы бекітілген Ереже талаптарына сай өткізілетін болады. Әрі үміткерлерді ұсыныу мен тіркеуге кезеңінің  де аяқталуына бар жоғы 1 апта ғана уақыт қалды. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, барша жерлестерді праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!

Жарылқасынов Алтынбек Шәкімаұлы, «Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары.