«Левада-Центр» сараптамалық орталығы жүргізген сауалнамаға жауап берген ерлердің 33%-ы әкесінің өліміне себепкер ретінде айыпталған Хачатуряндардың әрекетін ақтаған, бұл тұрғыда апалы-сіңілі қыздарды жақтаған әйелдердің үлесі – 47%.
Жалпы, аталған іске байланысты сауалнамада ресей азаматтарының 41% қыздарды жақтап дауыс берген.
Айта кетейік, апалы-сіңілі Хачатурияндар 2018 жылдың 28 шілдесінде әкелерін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Олар өз кінәсін мойындамаған. Бірақ тергеу барысында қыздар әкелері оларды ұзақ жылдар бойы мазақ етіп, зорлық-зомбылық көрсетіп келгенін жайып салды.
Өткен жылдың қыркүйегінде қыздардың ісіне қатысты тергеу шаралары өзгертіліп, тергеу изоляторынан бірқатар шектеулермен босатылды. Апалы-сіңілі Хачатурияндарға кешкі 21.00-ден кейін үйден шығуға, байланыс құралдарын, интернетті пайдалануға және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысуға тыйым салынған.
Екі қызға қатысты сот ісі қашан басталатыны әлі белгісіз. Егер сот қыздарды кісі өліміне кінәлі деп тапса, онда қамауға олардың біреуі ғана алынуы мүмкін. Сараптамаға сәйкес, қыздардың кішісі қылмыс жасалған кезде өз әрекетін түсінбегені анықталды.