Ким Чен Ын комада жатыр - БАҚ
Ким Чен Ын комада жатыр - БАҚ
340
оқылды
Оңтүстіккореялық дипломат Чанг Сон Мин Ким Чен Ын комада екенін және оның орнына әпкесі келетінін айтты, - деп жазады Daily Mail. Дипломаттың Оңтүстік Кореяның марқұм президенті Ким Дэ Чжунның көмекшісі болып жұмыс істегені айтылады. Ол КХДР билігі көшбасшысының денсаулығының нашарлауы туралы шындықты жасырады дейді.
"Менің ойымша, ол комада жатыр, бірақ қайтыс болған жоқ", - деді Чанг Сон Мин.
Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тарда Ким Чен Ынның халық алдына шықпай, көрінбей кеткені бірнеше рет жазылған болатын.