Бірнеше өңірде бұршақ, нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады

Бірнеше өңірде бұршақ, нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Түнде орталықта қатты жаңбыр жауады, тек солтүстік-батыста және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, дауыл, күндіз кей жерлерде бұршақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі. Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Ақмола,Солтүстіқ Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-21 м/с күшейеді, Жамбыл облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.