Әкенің айтқаны балғадай...
Әкенің айтқаны балғадай...
660
оқылды

Бурабайда Республикалық әкелер форумы өтті. «Әке – отбасының тірегі» атты республикалық әкелер форумының шымылдығы төртінші рет түріліп отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Ақмола облысының әкімдігі және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі мұрындық болған бұл шараның маңызы басым.

Форумды ашып, жүргі­зіп отыр­ған Қазақстан Рес­пуб­­ли­ка­сы Парламенті Мәжі­лі­сі­нің депутаты, ұлттық комис­сия­­ның мүшесі Бақытбек Сма­­ғұл: «Қазір отбасы тәр­бие­­сіндегі әкенің рөлін көте­ру, балалардың бойында пат­риот­тық сезімді оятып, адам­­­гершілік құндылықтарды қа­­­­лыптастырудағы әке рөлін ны­ғай­ту мәселелеріне қоғам на­за­рын ау­дару қажет», – деді.

Расында да, әкесіз бала тәрбиелеуден қорықпайтын қо­ғамда отырғанымыз рас. Тіп­ті мұның маңызды мәселеге ай­­налғаны соншалық, «Жал­ғыз­басты әкелердің жайы», «Алименттен қашқан әкелер», «Әкелер қауымдастығы құрыл­ды», «Әкелер институты керек»... сияқты түрлі тақырыптың түндігі түріле бастады. Бұл шараның да дәсүрлі түрде өтуі – осы мәсе­ле­нің түйінін тарқату.

Алқалы жиында да отбасы институтын және отбасылық тәр­­биедегі әкенің рөлін нығайту, «Рухани жаңғыру» қоғамдық са­наны жаңғырту аясында бала­лар­дың патриоттық сезімін қалып­тас­тыруға, білімге ұмтылысты өсіруге қоғамның назарын ау­да­ру мәселелері талқыланды. Форумның жұмысына «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі мен ұлт­тық комиссия мүшелері, ор­­­­­талық мемлекеттік және жер­­­гі­лікті атқарушы орган­дар­дың бас­шылары, қоғам қай­рат­кер­лері, үкіметтік емес ұйым­­дардың өкілдері, үлгілі әке­лер – барлық өңірден келген 150 де­легат қатысты. Шараға қа­ты­­су­шыларға алдымен «Әке көр­ген оқ жонар» қолданбалы өнер көрмесі мен «Әкелер одағы» қоғам­дық бірлестігінің жұмысы туралы бейнеролик ұсынылды.