Қайырымдылыққа кедергі жоқ

Қайырымдылыққа кедергі жоқ

«Nur Otan» партиясы «Отан» бастауыш партия ұйымының тө­рағасы Бауыржан Исабаев осы ұстаныммен Нұр-Сұлтан қала­сы­ның бірқатар әлеуметтік мекемелеріне қайырым­дылық жаса­ды. Ол жаңа оқу жылы қарсаңында  балаларға кеңсе тауарлары, оқулықтар, тақта ойындары мен дидактикалық құралдар, бірінші сынып оқушыларына арналған жиынтықтар мен басқа да қажетті заттарды  тапсырды.  Оның айтуынша, бұл акция  Қа­зақстандағы бала құқы жө­ніндегі омбудсмен Аружан Са­ин­ның өтінішін қолдауға ба­ғытталған. «Нұрлы жүрек», «SOS Астана балалар ауылы», ма­мандандырылған балалар үйі және «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» бүгіндері 500-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Оларға, әсіре­се пандемия кезінде қолдау аса қажет.  «Аналар үйі» жобасының қамқоршысы ретінде мен халық­тың әлеуметтік әлсіз тобының мәселесін жақсы білемін. Пан­демия балаларға білім алуға кедергі болмауы керек, өйткені олар үшін білім – болашаққа берілер жолдама. Бұл балаларда репетитор жалдауға, жеке мектепте оқуға немесе білімін арттыру курстарына қатысу үшін қаражат жоқ. Сондықтан біз олардың Білім күніне мұқият дайындалуына көмектесуді ұйғардық», – дейді ол. Меценат  ат басын бұрған әлеуметтік мекемелер басшылығы  қазіргі жағдайды ескере отырып, оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын сұрап, көмектесіп жатқандарға ризашылығын біл­дірді. «Біз үшін отандастарымыздың қолдауын сезіну,  біз сияқты ұйымдардың әдістемелік және дидактикалық қорын жақсарту мүмкіндігіне ие болу өте маңызды. Бізде 4 жасқа дейінгі  балалар бар екеніне қарамастан, біз олармен жұмыс істеуде оқу материалдарын, кітаптар мен ойыншықтарды ба­рынша пайдалануға тырысамыз. Бауыржан Әбдірашитұлына оқу жылының басындағы акцияны қолдағаны үшін  алғыс айтамыз. Балалар үйінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі ретінде бірнеше рет көмек көрсетті. Бұл – біз үшін өте құнды қолдау!» – дейді Нұр-Сұлтан Мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева.  

Айдана БЕГІМ