Асқар Мамин астықты уақытылы жинауға тапсырма берді
Асқар Мамин астықты уақытылы жинауға тапсырма берді
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
«Жалпы, егін жинау науқанының қарқыны жаман емес. Енді оны одан әрі үдете түсіп, егін жинау жұмыстарын уақтылы аяқтау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстардың әкімдері өнімді жинауды сапалы және уақытылы жүргізу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын», – деді Премьер-Министр.
А. Мамин егін жинау науқанында дизель отынымен қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Сұранысқа сай арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты қадағалауды тапсырды.
«Егін жинаумен қатар, тиісті сақтау жағдайларын ерекше бақылау да маңызды. Элеваторлардың өнімді қабылдау мен сақтауға дайындығына үнемі мониторинг жүргізу қажет, сондай-ақ астықты алқаптан элеваторларға үздіксіз тасуды қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, астық қабылдау кәсіпорындарының астықты сақтауға, сондай-ақ дымқыл астықты өңдеу мен кептіру шараларын уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етсін», – деді Асқар Мамин.
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, егін жинау қарқыны бәсеңдемегенін мәлімдеді.