Дәрігерлер арықтан табылған нәрестенің денсаулығы туралы айтты

Дәрігерлер арықтан табылған нәрестенің денсаулығы туралы айтты

«Кеше түнгі сағат 00:38-де Райымбек даңғылында орналасқан Maxima ойын-сауық сауда орталығының маңына жедел медициналық жәрдем қызметіне шақырту түсті. Оқиға орнына жеткен мамандар салмағы - 3 келі, бойы 52 см болатын жаңа туған нәрестеге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Қабылдау кезінде баланың жағдайы гипотермияға байланысты ауыр болған (дене температурасы – 34,5). Қазір жағдайы орташа, дене температурасы қалыпты. Нәресте белсенді түрде өздігінен еме алады»,– деп хабарлады басқарма өкілдері. Қазір жаңа туған нәрестені №2 балалар ауруханасына ауыстыруға дайындап жатыр. Ол жерден толық тексерілгеннен кейін балалар үйіне жіберіледі. Біз бұған дейін Алматыда арықтан жаңа туған сәбидің табылғаны туралы жазған болатынбыз.