Түркістанда тағы бір қонақүй өртенді
Түркістанда тағы бір қонақүй өртенді
230
оқылды

Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесіне жақын маңда орналасқан "Иассы" кешенінің 2-қабатында өрт шықты. Мәліметтер бойынша оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Алғашқы хабарлама сағат 11.01-де түскен. 11.34-те өрттің беті қайтарылды. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкелерінің көмегімен қонақ үйден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 10 адам өздігінен шыққан. Оқиға орнында 5 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеп жатыр, 29 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Қонақ үйдің жалпы көлемі 2700 м2, өрт 150 шаршы метр аумақты алған. Өрт 11.52-де толығымен өшірілді. Тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда. 

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана пайдалануға берілгеніне жыл тола қоймаған Түркістандағы ең тәуір Royal Grand қонақүйі өртеніп,  түркістандықтарға "қап әттеген-ай" деп сан соқтырған еді. Енді міне араға апта салмай жатып, тағы бір қонақүй өртке оранып жатыр. Бұл қонақүй ескі кешен болғанмен, ғимараттың алды ел аузында "Шымкентке   жолаушылар таситын таксилер тұрағы" атанған орын.