Жас кәсіпкер миды дамытатын ойындарды мобильді қосымша ретінде іске қоспақ
Жас кәсіпкер миды дамытатын ойындарды мобильді қосымша ретінде іске қоспақ
Фото: Интернеттен алынды
5,311
оқылды
Жас кәсіпкер мобильді қосымша жасау барысындағы өзінің бірінші бизнес-жоспарын әзірледі. Бұл қосымшалар арқылы жасөспірімдер логикалық ойлау қабілетін дамытып, өз халқының таным-тәрбиесі мен мәдениетіне терең үңіле алады. Саматтың негізгі жетістігі –VisitAqmola мобильдік қосымшасын, инфокиоскісін, «Моя профессия Aqmola» мобильдік қосымшаларын жасап шығарғаны. Білімді азамат мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Самат Биғазы отандық танграм ойынын, яғни көпшілікті қызықтыратын «7 бөлшек» , «Қадам» сияқты миды дамытатын ойындарды мобильды қосымша ретінде іске қосып, 3D кітаптар жасауды жоспарлап отыр. Көкшетаулық жас кәсіпкер, бағдарламашы Самат Биғазының тағы бір жоспары бар. Ол  «Nur Otan» ішкіпартиялық іріктеуіне қатысуға бел буды.  width=«Ағып тұрған су өзен секілді таза, мөлдір болады. Тұрып қалған су батпақ секілді болады. Менің ойымша, праймериз де өзен секілді, суы әрдайым жаңарып тұратын тың идеяларды алып келе алады. Әсіресе, бүгінгі күні сандық жүйеге көшу заманында, жастар күшімен, ерік-жігер, қайратымен заманауи бастамаларды іске асыратын мүмкіндікті көріп тұрмын», – дейді ол. Саматтың пікірінше, праймеризге қатысу арқылы өзі секілді жастардың көкейкесті проблемаларын көтеруге болады. «Қазір әлеуметтік желіде пікір қалдыруда азаматтар белсенділік танытып жатқаны қуантады. Әрқайсысы  ойының жеткенін қалайды, елде жаңа, жақсы өзгерістер болғанын көргісі келеді. Осындай жастар праймериз секілді мүмкіндікті қолданып, елінің көркеюіне өз үлесін қосады деп сенемін», – дейді Самат Биғазы.