«Іргетасы қоқыстан қаланған» – мамандар Алматыда көпқабатты үйлердің қисаюының бірнеше себебін айтты
«Іргетасы қоқыстан қаланған» – мамандар Алматыда көпқабатты үйлердің қисаюының бірнеше себебін айтты
Фото: Интернеттен алынды
315
оқылды
Ең басты себеп – құрылыс талаптарының сақталмауы. Арық жүйесі мен аумақты жоспарлау дұрыс жасалмаған. Қар, жаңбыр, кәріз сулары үйдің астындағы топыраққа сіңген. Іргетастың жанына құрылыстан қалған қоқыс төгілген. Іргетастың астындағы топырақ та жұқа төселген. Былтыр осындағы №179 үй қисайып, тұрғындарды әбігерге салған еді. «Ол ғимарат қазір толық жөнделді», – дейді мамандар. Сол кезде қалған 24 үйдің барлығын тексеру туралы шешім қабылданған. Қазір екі үйдің іргетасын күшейтіп, бекітілді. Тағы бес үйдің зерттеу қорытындысы дайын. Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев: «Қалған 17 үй бойынша ҚазНИИСА АҚ мен басқарма арасында келісілген кесте бар. Соған байланысты жылдың аяғына дейін толықтай қалған 17-і зерттеліп, қорытындылары беріледі. Сол қорытындылар берілгенге байланысты керекті іс-шаралар атқарылып, осы 2020-2021 жылдар аралығында толықтай үйлердің негіздері мен тіректастарын бекіту, күшейту жұмыстары толықтай атқарылады. Үйлердің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі», – деді.