Қазақ балуаны финалда жеңіліп 20 жылда алғаш рет алатын алтынды қолдан сусытып алды
Қазақ балуаны финалда жеңіліп 20 жылда алғаш рет алатын алтынды қолдан сусытып алды
5,347
оқылды

Қазақстан соңғы рет 1999 жылы әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алған

Қазақстандық грек-рим балуаны Қорлан Жақанша әлем чемпионатының финалында грузин Нугзари Цурцумиядан жеңіліп, күмісті қанағат тұтты. 

55 келіде сынға түскен Жақанша грузин балуанының әдісіне айла таба алмай, 0:9 есебімен жеңілді. 26 жастағы қазақ спортшысының бұл алғашқы әлем чемпионаты. Жартылай финалда ол әзірбайжандық Эльдениз Әзізлиді жеңген болатын

Алтын алған Цурцумия болса осыған дейін Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған. Еске салсақ, Қазақстан соңғы рет 1999 жылы әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алған. Сол жолы Мхитар Манукян әлемде теңдессіз болған еді.