Нұр-Сұлтанда екі жүк көлігі соқтығысып қалды

Нұр-Сұлтанда екі жүк көлігі соқтығысып қалды

25 тамызда сағат шамамен 13:30-да 30 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан HOWO маркалы автокөлік Қырқыншы станса жақтан Павловка елді мекеніне қарай келе жатып, екі айналма жолдың қиылысында Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолы жақтан Алаш тас жолына қарай келе жатқан «Камаз» көлігімен соқтығысқан.

«Соққының салдарынан «Камаз» қарама-қарсы бағытта келе жатқан VOLVO маркалы көлігіне барып соғылған. Ол көлікті 63 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан. HOWO автокөлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды, тергеу жүргізіліп жатыр» делінген ресми мәліметте.