Елордада автобус тепловозбен соқтығысты
Елордада автобус тепловозбен соқтығысты
202
оқылды

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тепловозбен соқтығысты. Оқиға 13 қыркүйекте таңғы уақытта болған, дегенмен жол көлік оқиғасының видеосы ақпарат көздерінде бүгін жарияланды.

«Пушкин көшесінің бағытында Жетіген көшесінің бойында №53 бағытта жүретін автобус пен тепловоз соқтығысты. Оқиға орнына келген жергілікті полиция қызметінің мамандары қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды», – деді «Астана LRT» компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. «Осы автобустың жүргізушісі соңғы аялдамадан жаңа рейске шығып жатқан»,– деді ол.

Автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетіліп, тексеру жүріп жатыр.

https://youtu.be/2mFzIGoPTRA