1 қыркүйекте Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді

1 қыркүйекте Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді

1 қыркүйекте оқу жылының басталуына және Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді, деп хабарлады Білім және ғлым министрлігінің баспасөз қызметі. 

«1 қыркүйек  –  Білім күні. Мектептерде оқу жылының басталуына және Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді", - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша. оқушылар мектепке келмей, қолжетімді құрылғы және байланыс құралымен алғашқы қоңырауға қатыса алады.
«Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын қорғау мақсатында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады», - деп қорытындыланған хабарламада.